Қазан айында ел ішіндегі 17 өңірдің 11-інде, екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған.
Қазір жалпы бір шаршы метрінің орташа бағасы 369 мың теңге. Ең қымбат пәтер – Алматыда. Мегополисте шаршы метрі 707 мың теңгеден есептеледі. Астанада 473 мың, Шымкентте 419 мың, Атырауда – 386 мың, Өскеменде – 380 мыңнан. Ал ең арзан пәтерлер - Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында. Осылайша, Алматыдан бір бөлмелі баспананы орташа есеппен 24 млн теңгеге, ал Астанадан 17,7 млн теңгеге алуға болады.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазан айында екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183764/)