Алматы және Түркістан облысында террористік ұйымның жақтаушылары ұсталды. Бұл туралы жергілікті полиция департаменттері хабарлады. Күдікке іліккен екі азамат Қазақстанда заңмен тыйым салынған «ДАИШ» және «Хизб-ут-Тахрир» ұйымдарын насихаттаған. Олардың үйлерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктелер сот шешімі шыққанша қамауда болады.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ДАИШ» ұйымын насихаттағандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183770/)