Елімізде 3500 педагог суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Мұндай білім беру бағдарламасын осыған дейін 7400 педагог оқыған. Курста балалар арасындағы құқық-бұзушылықтарды болдырмау, білім беру ұйымдарында булингті жою мәселелері қаралады. Оқыту онлайн және офлайн форматта жүргізіледі. Курстан әлған білімін ұстаздар сабақ барысында балаларға түсіндірме жұмыстары арқылы жеткізеді. Сонымен қатар тәрбие-сағаттарын өткізетін болады.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=3500 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183774/)