Бүгін футболшыларға арналған дәстүрлі «Алтын доптың» иегерлері белгілі болады. Марапаттау рәсімі Парижде, Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары марапаттың ең таңдаулы үміткерлердің ондығын жариялап үлгерген.
Олардың арасында «Алтын допты» 7 рет алған аргентиналық Лионель Месси бар. Одан бөлек, «Манчестер Сити» ойыншысы Эрлинг Холланд пен Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе де кандидаттар тізіміне енген.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Алтын доптың» иегерлері белгілі болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183793/)