Осы айда еліміздің 11 өңірінде екінші деңгейлі, яғни пайдаланылған баспаналардың бағасы сәл арзандаған. Қазір ел бойынша бір шаршы метрдің орташа құны 369 мың теңге. Ең қымбат пәтер – Алматыда. Мұнда шаршы метрі 707 мың теңгеден есептеледі. Астанада 473 мың, Шымкентте 419 мың, Атырауда – 386 мың, Өскеменде – 380 мыңнан.
Ал ең арзан пәтерлер - Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында. Осылайша, Алматыдан бір бөлмелі баспананы орта есеппен 24 млн теңгеге, ал Астанадан 17,7 млн теңгеге алуға болады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 11 өңірінде баспана бағасы арзандаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183798/)