Австралияның солтүстігінде лапылдаған орман өртінен 2 адам қаза тауып, 45 үй жанып кеткен. Тілсіз жау елді-мекендерге қауіп төндірді. Жергілікті билік халыққа қауіпсіз жерге көшуге үндеді.
Өртке қыркүйекте Австралияны қуаңшылық жайлауы себеп болды. Оның үстіне, елде алдағы айларда да температура жоғары болып, жауын-шашын сирек түседі деген болжам айтылып отыр. Қазір Жаңа Оңтүстік Уэлс штатында да жасыл желектер жанып жатыр. Бұл аймақта 7 жарым мың гектар орман күлге айналған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Австралияның орман өрті елдімекендерге жақындап қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183849/)