Бас прокуратура елордадағы мектептерді жаппай тексеруге кірісті. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады. Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатынын қарашаның соңына дейін бақылайды. Арнайы жұмысқа 70-тен астам құзырлы орган өкілдері жұмылдырылған. Олар полиция, әлеуметтік қорғау инспекциясы, төтеншеліктер және білім беру ұйымдарының қызметкерлері. Қазір Астанада 98 мемлекеттік, 60-қа жуық жекеменшік мектеп бар.
Тәуірбек Бөзекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас прокуратура Астанадағы мектептерді тексеруге&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183949/)