Газа секторынан шетелдің 335 азаматы мен 73 жаралы адам шығарылды. Cоңғылары Мысырда құрылған дала госпиталінде емделеді.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұндай эвакуация бүгін де жалғасады.
Айта кетсек, Израиль әскері Газаны қазанның 7-нен бері бомбалап жатыр. Бұл соғыс «Хамас» жасақтары Израильдің оңтүстігіндегі қалаларға шабуыл жасап, 1400 адамды өлтіргеннен кейін басталды. Ал Газада содан бері Израильдің әуе соққыларынан 8800-ге жуық бейбіт тұрғын мерт болған. Сол құрбандардың 3600-ден астамы - бала.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Газадан шетелдіктер мен жараланғандар шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183952/)