Алматыда жыл басынан бері заңға бағынбағаны үшін 8 мың 250 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен олардың 839-ы ел аумағынан шығарылды. Тек соңғы екі күнде елде болу мерзімі аяқталған 111 шетелдік анықталған. Оның 23-і – Африка құрлығы елдерінің азаматы.
Сондай-ақ, Қазақстан заңын бұзғандар арасында Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келгендер де бар. Қазір олардың заңсыз жұмысқа тартылғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
Арнайы уақытша қабылдап тарату мекемесіне қолында құжаты жоқ 3 мың 720 шетел азаматы тоғытылған болатын. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 392 бабының нормалары бойынша яғни, мемлекеттік шекараны бұзу дерегі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Заңға бағынбаған 800-ден астам шетелдік елден шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183975/)