Алматы облысында қаржы пирамидасы «Елімай-2019» тұрғын кооперативін ұйымдастырған ерлі-зайыптылар сотталды. Олар 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығы анықталды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 миллион теңгеге шектеу қойылды. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Азамат Нұғыманов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Елімай-2019» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183976/)