Қызылорда облысында жыл басынан бері 36 мектеп директоры жемқорлық үшін жазаланған. Олардың 7-еуі жұмыстан босатылып, 29-ы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, мектептерде бюджетті жоспарлауда, жалақы төлеу жүйесінде кемшіліктер бар. Бұл сыбайлас жемқорлық қауіпін туғызады дейді құзырлы орган өкілдері. Сондықтан, есеп-қисапқа бақылау жүргізбеген директорлар жазаланып, олқылықтарды түзеу бойынша ұсыныстар берілген. Айта кетейік, бұған дейін Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен бухгалтері 1 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырып, қамауға алынған болатын. Қоғамда үлкен дау тудырған бұл іс қазір сотта қаралып жатыр.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында 36 мектеп директоры жазаланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184004/)