Қостанай облысында балалар мінген автобус өртенді. Арқалық-Торғай бағытындағы жолмен келе жатқан төрт автобуста 77 адам болған. Олардың 66-сы пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар. Отқа оранған көлікте 14 бала болған. Бәрі де аман-есен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында балалар мінген автобус өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184050/)