Қарағанды қаласында VIII халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі басталды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия , Ресейден келген командалар қатысуда. Олар түрлі жарыстарда шыңдалып, 1 мыңнан астам команданың арасынан іріктелген. Байқау 16 түрлі сайыстан тұрады. Биыл бірінші рет ұстаздар да өз мүмкіндіктерін көрсетеді. Ал шараның іскерлік бағдарламасында шетелдік ғалымдардың қатысуымен робототехника, информатика және STEM-білім беруді дамыту мәселелері талқыланады. Білім Министрлігінің олимпиадалар мен конкурстар тізбесіне енгізілген фестиваль талай талантты жастың болашағын қалыптастыруға негіз болмақ.
Нұрбек Түгелбай, оқушы:
Алғашқы рет шығуымыз осындай үлкен жарысқа. Ал оның алдында облыстық, қалалық жарыстарға шығып жүрдік. «Теңге алу» жарысы бойынша қатысамын. Ал мына екі бала «сумо» категориясы бойынша қатысады. Болашақта ай-ти маманы болғым келеді. Көптеген жетістіктерге жету, өз жобаларымды ойлап тапсам деймін. Сөйтіп Қазақстанымыздың дамуына үлес қосқым келеді.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда VIII халықаралық «Roboland» байқауы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184053/)