Үндістан астанасы Нью-Делиді қою түтін басты. Тәулігіне 12 сағат далада жұмыс істейтін полицейлер шағымданып жатыр. Өйткені 20 миллилон адам тұратын мегаполисте ауа сапасының индексі 500-ге жетіп қалған. Бұл – денсаулыққа өте қауіпті деңгей. Ғалымдардың айтуынша, организм үшін зиянсыз индекс 0 мен 50-дің арасында болуы керек. Ауаның ластануынан бұған дейін мектептер жабылған болатын. Жергілікті билік ластануға көршілес фермерлік штаттарда сабан өртеу науқанының басталуы және температураның төмендеуі себеп деп отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нью-Делиді қою түтін басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184149/)