Елімізде жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали баяндады. Ақпаратқа сай, 10 айда мыңнан астам адамның ісі әшкере болды. Оның 150-ден астамы түрлі деңгейдегі басшылар. Олардан сот арқылы 280 миллиард теңгеден астам шығын өндірілген.
Сондай-ақ, кездесуде Президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берілді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев, жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Антикор басшысы Асхат Жұмағалиды қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184165/)