Астанада салық төлемеген борышкерлердің қарызы 2 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Астанада 61 619 борышкер бар. Олардың басым бөлігі көлік салығынан жалтарған. Автокөлік бойынша жалпы қарыз 1 млрд 800 млн теңгеден асқан. Ал, мүлік салығы бойынша 417 миллион теңге берешек бар.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалықтардың қарызы 2 млрд теңгеден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184214/)