Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің отряды іздеу жұмыстарын 28 қазаннан бастап жүргізді. Тек 6 қарашада сағат 20.00-де Костенко атындағы шахтада кенші Александр Прокудиннің денесі табылған.
Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша қаза тапқан 46-шы адамның дене бөлшектері табылғанын мәлімдеген еді. Жалпы апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 208-і аман қалды. Ауруханаға түскен 27 кеншінің 20-сы әлі ем қабылдауда. Жағдайлары тұрақты, бір қалыпты – дейді дәрігерлер.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шахтада қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184224/)