Жамбыл облысындағы жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура, СЭС мамандары мен арнайы комиссия өкілдері мектептегі оқиға қатысты тергеп-тексеруді бастады.
Бүгінде «Санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тексеру жалғасуда. Мектепке азық-түлік тасымалдаған кәсіпкер мен аспаздар тегіс тергеуге алынған.
Еске салайық, екі күн бұрын Байзақ ауданындағы Киікбаев гимназиясында 60 адам асханадағы астан ұшынған. Олардың 35-і аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір Сарыкемер ауылындағы жұқпалы аурулар бөлімінде 33 оқушы мен 2 мұғалім ем алуда. Науқастар мектепте күріш жеп, компот ішкен. Қазір 2 мыңнан астам оқушысы бар гимназиядадағы асхана қызметі уақытша тоқтатылды. Сол күні ол жерден 500-ге жуық бала тамақтанған. Қазір мектепте оқу процесі бұрынғыдай өтіп жатыр. Тек осы оқиғадан кейін 80-ге жуық оқушы сабақтан қалды.
Данияр Әлімқұл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысындағы жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184302/)