Қостанайда Қазақстан мен Ресей арасындағы 19-шы өңіраралық әріптестік форумы басталды. Бұл басқосуда азық-түлік қауіпсіздігі, ауылшаруашылығын сандық жүйеге көшіру және осы салаға жастарды тарту мәселелері қаралады.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Бұл форум алғаш рет 2003-ші жылы Ресейдің Омбы қаласында өткен. Содан бері жалғасып келеді. Биылғы тақырып ауыл шаруашылық саласына басымдық берілген соң, Қостанай өңірі таңдалып отыр. Мал мен егін. Форумға 500-ден астам адам қатысып жатыр. Көрші елдің 12 облысынан, Қазақстанның 8 облысынан арнайы делегация келген. Олар аймақ басшылары, ауылшаруашылығы мамандары, сарапшылар мен ғалымдар. Басқосудың басты мақсаты – ауылшаруашылығы саласындағы әріптестікті нығайту. Біраз құжаттарға қол қойылады. Оның нәтижесін алдағы жылдары көреміз. Былтырғы тауар айналым 3,8 млдр доллар болды. Бұл 21-ші жылдағыдан 23 пайызға көп. Осы нәтиже жалғасады. Биыл да жақсы нәтиже күтіп отырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184322/)