Елімізде жаңадан салынған баспана қымбаттап жатыр. Үй бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға өскен. Қазір пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен – 495 мың теңге. Павлодарда баспана 15 пайызға дейін қымбаттаған.
Бағаның өсуі Семей, Петропавл, Атырау қаласында да байқалады. Ал жаңа пәтердің ең қымбаты қазір Астанада. Мұнда бір шаршы метрдің құны – 588 мың теңге. Ал бұрын салынған үй бағасы керісінше былтырғыға қарағанда 5,3 пайызға арзандаған. Алайда, соңғы уақытта баға қайта көтеріле бастады.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жаңадан салынған баспана қымбаттап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184377/)