АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин алдағы сәрсенбіде кездесетін болды. Бұл мәліметті Ақ үй әкімшілігі растап отыр. Әлемнің ең ірі экономикаларының жетекшілері Калифорнияда жүздесіп, сауда-саттық, Тайвань проблемасын және шиеленіскен өзара қатынастарды талқылайды.
Қытай сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Си Цзиньпин Құрама Штаттарға сейсенбі күні аттанып, Сан-Францискода Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады. Екі лидер кездесуі сол жиын аясында өтейін деп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ пен Қытай президенттері сәрсенбіде кездеседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184499/)