Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды. Халықаралық дода Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен. Оған Германия, Үндістан, Иран, Кувейт, Сауд Арабиясы секілді 10 елден 140-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль иеленіп, командалық есепте үздік атанды. Екінші орында Иран. Олардың қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар. Үшінді орында 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері тұр.
Айя МҮТӘЛІ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында топ жарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184506/)