Сауд Арабиясының астанасы Әр-Риядта 57 араб және мұсылман мемлекетінің басшылары қатысқан саммит өтті. Кезектен тыс алқалы кездесудің басты тақырыбы - Газа секторындағы жағдай.
Делегаттар халықаралық қауымдастықты, оның ішінде АҚШ-ты Израильді әскери операцияны тоқтатуға және гуманитарлық дәліз ашуға көндіруге шақырды. Бұған қоса жиналғандар БҰҰ-ын Израильді Газадағы әрекеттері үшін жауапқа тартуға үндеді.
Сондай-ақ, саммитте Палестина үкіметіне экономикалық және гуманитарлық қолдау көрсетуге арналған ислам қаржы желісін құру туралы шешім қабылданды.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұсылман елдері басшылары Газадағы атысты тоқтатуды талап етті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184538/)