Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке еліміздегі заңдық және құқықтық тәртіптің жай-күйі мен қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар туралы мәлімет берілді. Заңсыз айналымдағы активтерді қайтару үшін жаңадан құрылған Комитеттің қызметі туралы да баяндалды. Кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау 3 есеге азайған. Прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны бақылауға алды. Қазірдің өзінде 41 инвестордың түйткілді мәселесі шешімін тапты. Азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде де айтылды. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін 54 түзету мекемесіне 29 мың бейнекамера орнатылған. Осылайша азаптау фактілеріне шағымдану 94-тен 17-ге дейін азайған.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тыныс-тіршілігіне қатысты барлық салада заңның сақталуын қамтамасыз ету ісін күшейту қажет екеніне назар аударды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184580/)