Мәскеу маңындағы Апалщино ауылының маңынан Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі табылды. Сейлан Мәметов 1912 жылы туған. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысқан. 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан. Жауынгердің туыстары әлі табылған жоқ. Сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, әскери құрметпен жерленеді.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184601/)