Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстанда арнайы хаб ашудың бастамасын қолдайды. 37 мемлекеттің мүддесін қорғайтын ұйым өкілінің айтуынша, азық-түлік хабы мен логистиканы ұйымдастыруға кемінде 400 миллион доллар көлеміндегі инвестиция қажет.
Әсіресе бидай мен ет өндірісі және азықты өңдеуге көп көңіл бөлініп отыр. Аcтанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі дәстүрлі кеңес өтіп жатыр. Бұл 7-ші рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиын. Бұл жолғы тақырып –азық-түлік қауіпсіздігі.
Сондай-ақ, жаңартылған энергия көздері мен жасыл технология бағыттары да талқыланбақ. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер тәжірибе алмасып, шағын және орта бизнес бойынша халықаралық қатынастарды дамыту үшін бұл жиынның мән-маңызы зор. Бұл – жаңа жобаларға инвестор тартуға таптырмас алаң.
Қайрат Сарыбай, АӨСШК бас хатшысы:
Біздің Азия кеңесіндегі басты мақсат осы - тәжірибе алмасу, бір-бірімізді тыңдау, егер бизнес форум кезінде айтылатын нақты жобалар өзінің инвесторын тауып жатса бұл біздің нақтылай форумның нәтижелері болады.
Азамат Нұғыманов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аcтанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі дәстүрлі кеңес өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184621/)