Батыс Қазақстан облысында қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Дерт, әсіресе, Орал қаласы мен Бөрлі ауданында өршіп тұр. Мектеп, балабақшаларда 48 баланың ауырғаны анықталды. Науқастардың дені – екпе алмағандар. Қазір ауруханада 44 науқас ем алып жатыр.
Ал Қарағанды облысында 293 адам қызылшамен ауырып жатыр. Күн сайын 10 науқас анықталады. Сырқаттанғандардың дені 4 жасқа дейінгі балалар. Олардың 85%-ы екпе салдырмаған. Қазір өңірлерде екпе салынып жатыр. Вакцина қоры жеткілікті.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысында қызылша өршіп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184638/)