Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Президент құқық қорғау органдары басшыларымен кеңес өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң бәріне ортақ екенін, азаматтар заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайтынын ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, «әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайларының жолын кесу керек»,- деді. Вандализм, дөрекілік және бұзақылыққа қатысты заңды күшейту қажеттігіне де тоқталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Заң мен тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184675/)