Израиль әскері Газа секторының ең ірі госпиталі «әш-Шифада» операция жүргізе бастады. Бұл рейдтің мақсаты – Хамастың командалық пункті мен жетекшілерін және қару-жарағын жою. Алайда, Хамас ауруханаға жасырынбағанын мәлімдеп отыр.
Айта кетсек, «әш-Шифада» пациенттермен бірге жүздеген босқын бар. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ Израильді оны шайқас алаңына айналдырмауға шақырды.
Бұл соғыс қазанның 7 күні басталды. Содан бері Газада Израильдің шабуылдарынан 11 мыңнан астам адам қаза тапқан. Солардың 4 жарым мыңы – балалар. Израиль болса, 1400 адам жоғалтты.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израиль «әш-Шифа» ауруханасында әскери операция жүргізіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184723/)