Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында салмағы 170 келіге жуық киік мүйізінің 800 данасын сатуға дайындап қойған тұрғын ұсталды. Гаражын тінту барысында Қызыл кітапқа енген Ақбөкеннің мүйізі сақталған 8 қорап табылды. Ол контрабандалық өнімді Астана қаласында сатып алдым деп отыр. Қазір сыбайластары іздестірілуде. Алдын ала мәліметке қарағанда, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 млрд теңгеге жуықтайды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында 800 дана киік мүйізі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184813/)