«Әл-Жәбірдің атасы» Астанада осылай аталатын ғылыми-танымдық журналдың таныстырылымы өтті. Басылым балаларға арналған. Алғашқы саны 2 мың данамен жарық көрген. Ғылыми журналдың «Әл-Жәбірдің атасы» деп аталуы – алгебраның атасы Мұхаммед әл-Хорезмидің «Әл-Жәбр» деген еңбегімен байланысты. Басылымда әртүрлі сыныптағы оқушыларға, ұстаздарға арналған айдарлар болады. Сондай-ақ оқырмандар арасында олимпиадалар да ұйымдастырылмақ.
Асқар Жұмаділдаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:
Менің ойымша пайдасы көп мағлұматтар болады. Жаңа айттық, тай жарыс деген олимпиаданың 5 мен 8 сыныпқа арналған түрі. Құнан жарыс деген 10-12 класқа арналған түрі. Дөнен жарыс деген ұстаздарға арналған олимпиаданың түрі. Солардың бәрін жасаймыз. Тай жарыстың олимпиадасыы өзі 5-ақ есеп. Аз ақ. Қиын емес. Бірақ, балаларды қызықтыратын есептер. Мұның ерекшелігі сол программадан. Бірақ сол қызықтыратын қылып жазуымыз керек.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Әл-Жәбірдің атасы» журналының таныстырылымы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184865/)