Доминикан Республикасында алапат дауыл соңы нөсер жауынға ұласып, 21 адам қаза тапты. 13 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Ал Санта-Доминго қаласында жаңбырдан бір ғимарат құлап, оның астында үш машина қалып қойды. Жалпы алғанда, жергілікті үкімет 32 провинциясының 30-да төтенше жағдай жариялап отыр. Олардың кейбірінде үйлерді су басып, көпірлер мен жолдар бұзылды. Мыңдаған адам жарықсыз қалған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Доминикан Республикасында дауыл мен жауыннан 21 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184890/)