Қарағанды облысында ауа райы қолайсыздығы салдарынан келген зардаптарды жою үшін төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Бүгін облыс әкімі аудан және қала әкімдеріне осындай тапсырма берді. Қазір құтқарушылар ауа-райының салдарын жоюды жалғастыруда. Қазіргі таңда өңірдегі 11 елдімекенде электр жарығы жоқ. Айта кетейік, 18-19 қараша күні аймақтағы жел салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттардың шатыры мен қабырға қаптамаларының зақымдануы тіркелді. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ, ағаштардың құлау қаупі туралы 85 хабарлама келіп түсті, – деді төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184896/)