Ақтөбе облысының Ойыл ауданында ірі қарадан қарасан ауры табылды. Шаруа қожалықтарының бірінде 6 сиыр өлген. Бұл шаруа қожалығы Амангелді ауылына жақын жерде орналасқан. Эпизотияға қарсы топ екпе жұмыстарын жүргізді. Қора-жайлар залалсыздандырылды. Әкімдіктің шешімімен, қожалыққа шектеу шаралары енгізілді. Бір ай бойы сырттан мал әкелінбейді.
Сондай-ақ, мал өнімдері сыртқа шығарылмайды. Мұнда қазір 325 сиыр, 600-ге тарта қой-ешкі бар. Төрт түлік ауыл малынан бөлек жайылады. Ал малдың өлекселері өртелген.
Бердімұрат Бекжанов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Шектеу шаралары тек «Самғат» шаруа қожалығының көлемінде өтеді.Бұл туралы Эпизотяға қарсы бөлім жұмыс істеп жатыр. Сауықтыру шараларын жүргізіп жатыр. 21 күнге созылады. Бүгінгі күні мал егіліп, бақылауға алынды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында қожалықтан қарасан ауруы анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184916/)