Маңғыстауда Жетібай ауылы маңында жер бетінде жарықшақ пайда болды. Жердің ойылуы «Асар» кен орнынан солтүстік бағытта орналасқан «ГУ-28» деп аталатын аумақта тіркелген. Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиғаның себеп-салдарын анықтап, зерделеу үшін, мұнай компаниясы тиісті мекемемен шарт жасауда. Сондай-ақ тұрғындар мен шаруа қожалықтары иелерінің қауіпсіздігі үшін, жерді тегістеуге арнайы техника бөлінген.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында жер бетінде жарықшақ пайда болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184968/)