Газа секторында Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны 13 мың 300-ге жетті. Мұндай мәліметті Хамасқа бағынатын денсаулық сақтау министрлігі келтірді. Марқұмдардың 5 мың 600-і - бала, 3 жарым мыңнан астамы - әйел. Тағы мыңдаған адам жоғалып кеткендер тізімінде. Ал Израиль қорғаныс армиясы болса, Газа қаласының орталығындағы мешіттің астынан қару-жарақ шеберханасы мен туннель тапқанын мәлімдеді. Цахал баспасөз хатшысының айтуынша, сонымен бірге бұл жерден Хамасқа тиесілі барлау материалдары анықталып, жойылған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Газада қаза тапқан адам саны 13300-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184985/)