Бірнеше елдің демалыс орындары бір ұйымға топтасты. Арасында Қазақстан да бар. Еуразиялық альянсқа бізден басқа Өзбекстан, Ресей мен Әзербайжанның тау- шаңғы курорттары бірігеді. Қазақстаннан бұл бірлестікке «Шымбұлақ» демалыс аймағы қосылып отыр. Жоба жетекшілері Ташкентте бас қосып, қажетті келісімге қол жеткізді. Осы арқылы 4 мемлекет қысқы спорт түрлерін бірлесе дамытуға ниетті. Бір елдегі таулы аймаққа тоқтаған саяхатшының екінші елде де еркін аялдауға мүмкіндігі болмақ. Ақпан айына дейін ортақ «ски-пасс» яғни электронды абонемент әзірленеді. Оған қол жеткізген спортшы төрт елдің таулы курорттарында бірнеше қызметті тегін қолданады.
Ринат Әбдірахманов, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының бас директоры:
Қазір электронды платформаны әзірлеу жұмыстары қолға алынды. Ең алдымен деректерді сақтау, валюта алмастыру секілді мәселелерді шешу көзделіп отыр. Арнайы қосымшада бір ғана «ски-пасс» рәсімдеп, кейін онымен төрт бірдей курортқа саяхаттау мүмкіндігі жасалады.
Базаркүл Отыншева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Еуразиялық Альянсқа» Қазақстан да қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/184987/)