Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның ірі инвестициялық SOVICO Group компаниясының басшысы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады. Кездесуде іскерлік байланыстың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтасу мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы вьетнамдық конгломераттың Қазақстандағы іскерлік белсенділігін құптап, өзара ынтымақ орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімін білдірді. Қазақстанда сауда-логистика орталығын ашуға ниетті Вьетнамның алып компаниясының табысы былтыр 20,6 млрд долларды құрағанын айта кетейік.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланыс жанданады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185077/)