Келесі жылы «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Оның сөзінше, бүгінде қолжетімді ипотека саналатын «7-20-25» бағдарламасына бөлінген қаржы негізгі сұранысты қамти алмай отыр. Сондықтан «Отбасы банк» пен Бәйтерек холдингі бірлесіп жаңа жоба әзірледі. Оның несие мөлшерлемесі – 9%. Бастапқы жарна – 20%. Қарызды 25 жылға бөліп төлеуге болады. Ал бағдарламаға жыл сайын 150 млрд теңге бөлінеді. Шамамен 8 мың отбасы баспанамен қамтылмақ. Бұл ипотека негізінен жастарға арналады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Келесі жылы «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185135/)