Атырауда полицияның бұрынғы 5 қызметкеріне сот үкімі шықты. Оларға тергеу кезінде күдіктіні соққыға жықты деген айып тағылған. Қылмыскердің үшеуі 4 жылға, екеуі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Әрқайсысы жәбірленушіге 500 мың тг көлемінде моральдық өтемақы төлеуі керек. Сондай-ақ, енді олар құқық қорғау органдарында 3 жыл жұмыс істей алмайды.
Зәуре Қазақбай, Атырау қалалық №2 сотының судьясы:
Айтбаевқа, Жонбаевқа, Мажитовке, Сиғуатовқа, Төлеуошівке жаза өтеу орыны болып қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі тағайындалсын. Жаза өтеу мерзімін 2023 жылғы 23 қарашадан бастап есептелінсін.
Нұрлыбек Бағыт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда экс-полицейлер қылмыстық жазаға тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185196/)