Үкіметте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу жоспарланған. Оның ішінде медициналық пункттер, дәрігерлік амбулатория, инсульт орталықтары, кардиология, оңалту бөлімдері бар. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыстардың әкімдіктеріне аталған нысандардың құрылыс жұмысын жеделдетіп, жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185225/)