Президент тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаза қатаңдатылғалы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар саны едәуір азайған. Мұны Бас прокуратура айтты. Олар «сталкинг», яғни адамның қыр соңынан қалмай бопсалайтындар үшін, сондай-ақ ішімдік ішіп қылмыс жасағандарға жазаны ауырлатуды ұсынып отыр.
Сәкен Сәмет, ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары:
Зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде егер құқық бұзушы масаң күйінде жасаса, ол жазаны ауырлататын жағдай болып есептеледі. Қорғау ұйғарымы бар ол үйдегі тұрмыстық-зорлық жасайтын құқық бұзушыға беріледі. Егер оны орындамаған жағдайда 30 тәулікке дейін қамау жазасын ұсындық.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мас күйінде қылмыс жасағандарға жаза ауырлайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185228/)