Ақмола облысында соңғы екі тәулікте 200-ден астам адам мұзға тайып құлап, ауруханаға жеткізілді. Басым бөлігі дене жарақатын алған. Аяқ-қолы сынғандар да бар. Мертіккен 15 адам облыстық ауруханаға жатқызылса, қалғандары ем-дом шараларынан кейін үйлеріне жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, емдеу мекемелеріне жеткізілгендердің дені- егде жастағылар. Жалпы өңірде тек қараша айында көктайғақтан зардап шеккен 1000-ға жуық адам медициналық көмекке жүгінген.
Әбдірашит Ниязов, травматолог-дәрігер:
Науқастардың көбі 50 жастан асқан. Көшеде, магазинге, жұмыс бабымен шыққанда құлап, екі қолы сынып кеткен. Қолы, аяғы сынған. Осындай жағдайлар өте көп болды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында көктайғақтан 200-ден астам адам жарақат алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185314/)