Қызылша ауруы асқынса, баланың өкпесі зақымданып, есту қабілеті нашарлайды. Тіпті, менингитке ұласып, науқастың көзі көрмей қалу қаупі бар. Дәрігерлер алғашқы белгілері 10 күннен кейін бір-ақ білінетін қызылша дертін асқындырып алмауға шақырып отыр. Егер баланың температурасы көтеріліп, тамағы қызарып, жөтелі күшейсе, бірден мамандарға жүгіну қажет.
Астанада қызылшамен ауырып жатқандар арасында 4 жасқа дейінгі балалар көп және олардың басым бөлігі екпе алмағандар. Сондықтан мамандар вакцина салдыру – жұқпалы аурудан қорғанудың жалғыз жолы екенін тағы бір мәрте ескертеді. Тек екпе алдында баланы дәрігерге тексертіп, аллергиясы бар-жоғын анықтап алған жөн дейді.
Арайлым Ералы, инфекционист:
Бірінші жұмыртқаның белогына аллергия болуы баланың лабораторлы түрде түрде өткен болса, ол қарсы көрсеткіш. Сүтті тағамдарға аллергия болса, қазіргі уақытта жедел респираторлы вирустармен ауырып жатқан болса, ол балаға вакцина салынбайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылшаның асқынуы: баланың өкпесі зақымдалып, есту қабілеті нашарлайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185342/)