Қытаймен қатынасты жаңа деңгейге көтеру – Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин СюэСянды қабылдады. Келесі жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланды. Бұл өзара қарым-қатынас, әсіресе жастар үшін өте маңызды шешім деді Президент. Өз кезегінде Дин СюэСян екі ел қатынастарының табысты дамуы біздің ортақ мүддемізге толық сай келеді, сондай-ақ, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал ететіндігін айтты.
Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, инвестиция, көлік, логистика, энергетика және басқа да салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері қарастырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытаймен қатынасты жаңа деңгейге көтеру – Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185360/)