Ресейдің Сочи қаласын су басты. Табиғи апаттан 4 адам қайтыс болды. Биіктігі 8 метрлік толқындар пальма ағаштарын сындырып, үйлерді қиратты. Желдің жылдамдығы секундына 35-40 метрге дейін жеткен. Салдарынан Ресейдің оңтүстігіндегі 2 миллион адам жарықсыз қалды. Өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды. Мамандар алдағы екі күн төтенше жағдай сақталатынын және теңіз құйыны болатынын ескертеді.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде су тасқынынан 2 миллион адам жарықсыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185374/)