Ақтауда 2 полиция қызметкері түнгі клубта төбелескені үшін жұмыстан қуылды. Оқиға қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Әлеуметтік желіде құқық қорғау органының 2 қызметкері төбелесті өздері бастап, пышақ қолданды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті бұл мәліметті растады. «Бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, тәртіптік комиссияның шешімімен, 2 қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда түнгі клубта төбелескен полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185382/)