Бес жылға созылған тергеуден кейін, аты шулы Алматы әуежайының бұрынғы директорына қатысты негізгі сот процесі басталды. Прокурор әуежайдың экс-Президенті Айбол Бекмұхамбетов пен жанар-жағармай материалдары бөлімінің бастығы Тимур Тұмышевті 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Олар украиналық әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құю кезінде 1 миллион 250 мың доллар сомасындағы әуеотынын ұрлады деген күдікке ілінген. Алайда айыпталушылар мұнымен келіспейтіндерін айтып, өздерін ақтауды сұрап отыр.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185383/)