Енді оқушылар білім ордаларында ет, құрт, жент, көжемен тамақтанады. Мектеп асханасының ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енеді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі мәлімдеді. Наталья Жұмаділдаеваның сөзінше, бұл өзгеріс «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы арқылы жүзеге асады. Пилоттық жоба елорданың 6 мектебінде тәжірибе жүзінде сыналып жатыр. Айта кетейік, биыл қыркүйектен бері 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 1,4 миллион бала 1-4 сынып оқушылары және 200 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185396/)