Премьер-министрдің өзі екпені күшейту керек деп жатқанымен, бас тартқан ата-аналар көп. Шымкентте қызылша жұқтырғандардың 85 пайызы вакцина салдырмағандар, дейді дәрігерлер.
Айгүл Тұрымбетова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Оның ішінде 48 пайызы – вакциянаны алмаймын деп бас тартқандар. Олардың басым бөлігі ата-аналарының вакцинаға деген сенімсіздігі, сонымен қатар діни көзқараспен салдырмай жатқандары бар. Осы көрсеткіш аурушаңдыққа ең әсер етіп жатқан бөлігі болып тұр.
Министрдің мәліметінше, қызылшамен ауырғандардың ең көбі Шымкентте, 3 мыңнан асады. Басым бөлігі 14 жасқа толмаған балалар. Қазір екі ересек адам мен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олар қызылша ауруына шалдыққан, бірақ жанама ауруларының асқынып кетуіне байланысты күшейтілген ем-шара қабылдауда.
Жамбыл облысында да қызылша жұқтырғандар көбейіп кетуі мүмкін. Сондықтан аймақтық басқарма ауырғандарды жатқызу үшін үш аудандық аурухананы дайындап жатыр. Қазір дәрігерлерге күніне 20-35 адамға дейін жүгінуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылшамен ауырғандардың 85 пайызы – екпе алмағандар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185417/)